03 қазан 2019 | 09:38

Тоқаев "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаев "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен 3 қазанда Сочи қаласында өтетін "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері қаралатын болады.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети