Тоқаев Венгрия сыртқы істер министрін қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийартоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийартоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді саяси диалогқа, дәйекті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, COVID-19 пандемиясының сын-қатерлері кезінде өзара қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестіктің  жоғары қарқынын атап өтті.

Қазақстан Президенті биылғы 31 наурызда "Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы" тақырыбында онлайн режимде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысқаны үшін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын жеткізуді тапсырды.

"Жүргізілген келіссөздер Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып  Мажарстанда өз елшілігін ашты. Біздің қарым-қатынастарымыз ерекше.  Қазақстандықтар Мажарстанды өте жақсы біледі. Сіздің еліңізді жақын тартады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін Премьер-Министр Виктор Орбанға ризашылығымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Петер Сийарто кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, өз елінің басшылығының сәлемін жеткізді. Осы ретте Будапешттің Қазақстанмен кешенді ықпалдастығын одан әрі нығайтуға, соның ішінде, Түркі кеңесінің әлеуетін пайдалана отырып тереңдетуге дайын екенін айтты. Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Түркістанның рухани астана ретіндегі маңызды рөліне тоқталды.

"Сіздің, Президент мырза және Елбасының Мажарстанда беделдеріңіз зор. Біз Қазақстан мен оның халқының достық, бауырластық қатынасын сезінеміз. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне бақылаушы ретінде қатысуымыз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Қазақстан біз үшін - маңызды стратегиялық серіктес", - деді Петер Сийарто.

Тараптар Виктор Орбанның 2019 жылы сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар мәселені талқылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro