Тоқаев Вьетнамдағы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Вьетнамдағы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жаһандық ауқымдағы технологиялық инновациялық кәсіпорынның бір бөлігі саналатын Goertek өндіріс кешенін аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді аралап, өнім шығару процесімен, сондай-ақ кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысты.

Компания акустика, оптика, микроэлектроника, прецизиондық конструктивті детальдар, интеллектуалды құрал-жабдықтар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылатын құрылғылар, ақылды гарнитуралар, ақылды тұрмыстық техникалар және басқа да жоғары технологиялық құрылғылар мен өнімдер секілді электрондық және прецизиондық конструкторлық компоненттер әзірлеуге және өндіруге маманданған.

Қазіргі кезде Goertek компаниялар тобында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети