04 қазан 2021 17:07

Тоқаевқа Жамбыл облысындағы ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа үйлер көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Президент Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Президент Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арнап салынған тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отандық және шетелдік ғылыми мамандарға арналған 180 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы баяндады.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиһаздармен толық жабдықталған жаңа пәтерлер көрсетілді. Үйлерді салуға республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бірінші үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталды. Көпқабатты үйлердің құрылысы толық бітіп, барлық инженерлік желілер тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети