Тоқаевқа коронавируспен күреске бөлінген қаржының жұмсалуы туралы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевқа коронавируспен күреске бөлінген қаржының жұмсалуы туралы айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Қазақстан Президентіне еліміздегі коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларына бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу жұмыстары жайында баяндалды.

Есеп комитеті басшысының айтуынша, қаржы шығындарын бақылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте Қаржы министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулар мен камералық бақылауға тексеріс жүргізіледі. Екінші кезеңде Есеп комитеті еліміздің 17 өңіріне бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ревизия жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына, Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды және тексеріс нәтижелері туралы тұрақты түрде есеп беріп тұруды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы қорытынды есебімен танысты. Есеп комитеті бірінші рет бюджеттің жиынтықталған қаржылық есебі бойынша аудит жүргізген болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети