Тоқаевқа пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы есеп берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевқа пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы есеп берілді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемиямен күреске бөлінген 521 миллиард теңге көлеміндегі қаражаттың жұмсалуына жүргізілген тексерудің алдын ала нәтижелері ұсынылды.

Атап айтқанда, аталған аудит аясында модульді ауруханалардың құрылысына, жұқпалы аурулар стационарларын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтауға бөлінген қаржы, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын сатып алу шығындары тексерілді.

Сонымен қатар Наталья Годунова Президентке Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының дайындығына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы баяндады.

Спорт комитетінде жүргізілген тексеріс барысында дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы іс-шараларға, оның ішінде 2020 жылғы Олимпиадаға дайындыққа және оған қатысу үшін жұмсалған 125 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға аудит жүргізілген.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети