Тоқаевты фото және видеоға түсіретін кімдер?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевты фото және видеоға түсіретін кімдер?

Президенттің баспасөз қызметі Ақордадағы фото және видео түсіруге жауапты мамандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің баспасөз қызметі Ақордадағы фото және видео түсіруге жауапты мамандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің жеке фотографы - Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді", - делінген Президент баспасөз қызметінің "Борт №1" Telegram-арнасында.

Тағы бір жеке фотограф - Ғани Өмірбеков. Ғанидың Президент баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болған.

"Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған - Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ", - делінген хабарламада.

Сурет: t.me/bort_01

Наурыздың басында Президенттің баспасөз қызметі "Борт №1" Telegram-арнасын ашқан болатын. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысы туралы суреттер мен видео-материалдар жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети