Тоқаевтың баспасөз хатшысы елорда атауын өзгерту туралы ұсынысқа пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевтың баспасөз хатшысы елорда атауын өзгерту туралы ұсынысқа пікір білдірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай елорда атауын Астана атауына қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай елорда атауын Астана атауына қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ, референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші роль атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети