Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Түркі кеңесі саммиті қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Түркі кеңесі саммиті қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті ертең, яғни, 31 наурызда сағат 17.00-де онлайн форматта өтеді.
"Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.
Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты Декларация қабылданады деп жоспарланып отыр", - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, саммит қорытындысы бойынша Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын декларацияға қол қойылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!