25 наурыз 2021 | 17:01

Тоқаевтың Беларуське сапары қарым-қатынасқа үлкен серпін береді - Лукашенко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: president.gov.by Фото: president.gov.by

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі president.gov.by басылымына сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі president.gov.by басылымына сілтеме жасап.  

Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларуське сапары екіжақты өзара іс-қимылға үлкен серпін беретінін айтты.

"Біз соңғы жылдары интеграция тұрғысынан да, әсіресе ЕАЭО желісі, екіжақты қатынастар, сауда және кооперацияда жетістікке жеттік. Әрине, бұл көлемді кеңейту үшін неғұрлым ауқымды кооперация болғанын да қалар едік. Біз өндірісті артыруға, құрастыру өндірісін құруға дайынбыз. Бір сөзбен айтқанда, екі ел үкіметі бірігіп атқаратын жұмыс жеткілікті. Пандемияға байланысты кейінге қалған Қазақстан Президентінің сапары жүзеге асса, қарым-қатынастың одан әрі дамуына үлкен серпін береді", - деді Александр Лукашенко.

Лукашенко Асқар Бейсенбаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін берік тірек болатынына сенім білдірді.

"Сіз Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығы саласында ұзақ уақыт жұмыс істейсіз деп үміттенемін. Біз екі халықтың игілігі үшін әлі де көп жұмыс атқарамыз деген сенімдемін", - деді ол.

Асқар Бейсенбаев Александр Лукашенкоға Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

"Қазақстан мен Беларусь кез келген аренада, соның ішінде халықаралық аренада бір-бірін қолдайтын ел. Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. 2020 жыл бәріне оңай тиген жоқ. Пандемиямен күрескен жыл болды. Барлық ел оқшауланып жатқанда, Беларусь тарапынан үлкен көмек көрсетілді", - деді елші.

Тоқаевтың Беларуське ресми сапары 2020 жылға жоспарланған болатын. Тараптар Александр Лукашенконың 2019 жылы Нұр-Сұлтанға сапары барысында Минскіде кездесуге келіскен.

Сондай-ақ, президенттер тапсырмасы бойынша Минскіге сауда және интеграция министрі бастаған қазақстандық сауда миссиясы келеді деп жоспарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети