Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент 3 ақпанда кешке Бейжіңге ұшып барды. Оны ҚХР үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй қарсы алды.
Қазақстандық делегация "Дяоюйтай" мемлекеттік резиденциясына орналасты. Ол Бейжіңнің батысында орналасқан. Ресей президенті Владимир Путин мен Пәкістан премьер-министрі Имран Хан да осы резиденцияда тоқтады, басқа делегациялар қонақ үйлерге орналастырылды.
Kazpravda.kz
"Белгіленген тәртіпке сәйкес Президенттің шетелге сапарларын дайындау кезінде Мемлекеттік күзет қызметінің, Президенттің баспасөз қызметінің, сондай-ақ, Президенттің Іс басқармасының бірнеше қызметкерінен тұратын алдын ала баратын топ құрылады. Топ Мемлекет басшысының Бейжіңге баруына бір жарым күн қалғанда жетті. Осындай қысқа мерзімге қарамастан, осы жұмыс тобы ҚХР СІМ жауапты қызметкерлерімен, күзет қызметімен бірлесе отырып, сапардың барлық хаттамалық мәселесін толық шеше алды. Қытайлық ұйымдастырушылар біздің делегацияға ерекше қонақжайлылық көрсетті", - деді Берік Уәли.
Ойындардың ашылу салтанаты "Құс ұясы" атты ұлттық стадионда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев VIP қонақтарға арналған мінберден қазақстандық спортшылар қол бұлғап, қолдау көрсетті.
5 ақпанда Халық жиналысы үйінде Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.
"Бұл - екі ел басшысының үшінші бетпе-бет кездесуі. Бұған дейін олар 2019 жылы қыркүйекте Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары кезінде кездескен еді.
Сонымен қатар, осы уақыт ішінде екі ел басшысы заманауи байланыс құралдары арқылы тұрақты хабарласып отырды. Бұл өзара ықпалдастықты жалғастыруға және нығайтуға мүмкіндік берді. Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ілтипат білдіре отырып, құрметпен қарсы алды. Бұны екі ел көшбасшысы арасындағы келіссөз мазмұнынан да, одан кейін бірге суретке түсіп, аудармашысыз сөйлесіп тұрғандарынан да байқауға болады" - деді ол.
Президенттің жұмыс сапары ҚХР төрағасының Олимпиаданың ашылу салтанатына келген делегациялар басшыларына арналған ресми қабылдауымен аяқталды.
Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев осы қабылдау барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен, ДДСҰ бас директорымен, сондай-ақ, Польша, Сингапур, Қатар, Пәкістан және Орталық Азия елдерінің басшыларымен әңгімелесті.
"Олар Мемлекет басшысының "қасіретті қаңтар" кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған шешімдеріне қолдау білдірді", - деді ол.
Берік Уәлидің айтуынша, Президент бүгінде Қытайды дамудың барлық көрсеткіші бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына жатқызады.
"Қытай экономикасының әлемде екінші орында тұрғаны ешкімге құпия емес, сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін бірінші орынға шығуы тиіс. Қытай сияқты елмен көрші болу мемлекетіміз үшін артықшылық деп ойлаймын. Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік шекарасының ұзындығы - 1782 шақырым. Бірқатар мемлекет Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялап жатқан кезде достас елді қолдамау және оның ашылу рәсіміне қатыспау дұрыс болмас еді. Президент оң шешім қабылдады", - деді Берік Уәли.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!