Тоқаевтың ескертуінен кейін министрлерден демалысқа шығу жоспары сұралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевтың ескертуінен кейін министрлерден демалысқа шығу жоспары сұралды Солдан оңға қарай министрлер Қарабаев, Қуантыров, Сәтқалиев. Фото: gov.kz

Үкімет кулуарында журналистер министрлерге демалысқа шығу жоспары туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет кулуарында журналистер министрлерге демалысқа шығу жоспары туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жоспар бойынша демалысқа шықпақ.

"Демалысқа жалпы жоспар бойынша барамын, премьер-министрмен келісілген. Жылыту маусымы бойынша орталық мемлекеттік орган, атап айтқанда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындық үшін барлық қажетті жұмыстарды жасады", - деп жауап берді Қарабаев.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қызметіне кіріскеннен бері, яғни 2022 жылдың қаңтарынан бері еңбек демалысына шықпаған. Оның айтуынша, бұл жолы да шықпайды.

"Әзірге биыл демалысқа шығу ойым жоқ. Былтыр да барған жоқпын", - деді министр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев та жақын арада еңбек демалысына шықпайды. Бұл түсінікті: ол бұрын өзі айтқандай Қазақстан қалаларындағы жылумен қамту нысандарын аралайды.

"Мен де әлі демалысқа шықпаймын. Қандай да бір кестені Үкімет бекітеді", - деп жауап берді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети