Facebook желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды. Онда түрлі ұтыс жарияланып, ақшалай сыйақы ұсынылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Facebook желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды. Онда түрлі ұтыс жарияланып, ақшалай сыйақы ұсынылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгісіз біреу ел Президентінің атын "коронавирус пандемиясы кезінде халықты қолдау үшін" деген желеумен ақшалай сыйлық ұтысын өткізген. Ол үшін пайдаланушылар өз есімінің бірінші әрпін жіберіп, жазбамен бөлісу керек деген талап болған.
Мамандар постта орфографиялық және стилистикалық қате бар екенін, сондай-ақ онлайн-аудармашы арқылы қазақшаланғанын атап өтті. Постты 100-ден астам адам бөліскен және оның астына мыңдаған пікір жазылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегілер бұл аккаунттың Қазақстан Президентіне еш қатысы жоқ және алаяқтық екенін айтты.
"Қазақстан Президенті тек екі: Twitter, Instagram әлеуметтік желіде тіркелген. Сақ болыңыздар және алаяқтарға сеніп қалмаңыздар", - деп түсіндірді министрліктегілер.
Фейк парақша 2017 жылы ашылған. Онда азиялық қыздың фотосы жүктелген. 2020 жылғы 13 шілдеде аккаунт "Kasym-Jmart TokyevI" деп өзгертілген және бірнеше минуттан кейін ақша тарату туралы пост жарияланған.
"Алаяқтардың мұндай жүйесі интернетте кеңінен тараған. Пайдаланушылар ақшалай ұтыс туралы хабарлама алады, содан соң оған сыйақыны жібереміз деп алдап, карта деректерін жіберуді сұрайды. Бірнеше минуттан кейін алаяқ адамның есепшотындағы ақшаны түгел сыпырып алады", - деп ескертті мамандар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!