Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Арслан Құрманбеков - азаматтық қорғаныс сержанты.
1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған. Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші, аға өртсөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 8 мамырда болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!