28 сәуір 2023 14:14

Тоқаевтың мамыр айының бірінші аптасындағы жоспары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамырдың бірінші аптасына арналған жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамырдың бірінші аптасына арналған жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 мамырда Мемлекет басшысы Францияда Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министрдің делегаты, Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.

Реклама
Реклама

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың қарашасында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланады деп жоспарланып отыр.

3 мамырда Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.

3-4 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келеді.

Мемлекет басшылары тар және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аясында Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту перспективаларын қарастырады.

5 мамырда Мемлекет басшысы - Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық конференция өтеді, оның барысында әскери даму мен әскери дайындық, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық жаңғырту мәселелері талқыланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram