Тоқаевтың реформалары туралы әлемдік парламенттік қауымдастыққа айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Т.Таныбаев Фото: Т.Таныбаев

Өзбекстанда Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтті. Форумға әлемнің 140-тан астам елінен депутаттар әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлін талқылауға жинады. Қазақстан Парламентінің делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтті. Форумға әлемнің 140-тан астам елінен депутаттар әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлін талқылауға жинады. Қазақстан Парламентінің делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

Мәжіліс спикері атап өткендей, форумның ғасырлар бойы халықтар мен мәдениеттерді тоғыстырған Ұлы Жібек жолының бойында ұйымдастырылуының символдық мәні зор. Ол жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында БҰҰ Бас хатшысы ұсынған жаңа қоғамдық шарт идеясының маңыздылығы арта түскеніне мән берді. Е.Қошанов Қазақстан оның идеясының әділеттілік пен ынтымаққа негізделген басты қағидаттарын толық қолдайтынын, ал парламенттер оның жүзеге асырылуында халық атынан өкілдік ететін институт ретінде басты рөл атқара алады деп есептейді.

"Әділеттілік Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының идеялық негізі саналады. Оның көшбасшылығымен Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жүйелі саяси және экономикалық реформалар іске асырылуда. Бұл қоғамның саясатқа араласу мүмкіндігін кеңейтіп, әлеуметтік теңсіздікті азайтты. Инклюзияны дамытуға, денсаулық сақтау мен білімнің қолжетімді болуына, ұлттық байлықтың әділетті бөлінуіне айрықша назар аударылуда. Мұның бәрі Парламент қабылдап жатқан заңдарда көрініс тауып отыр", – деді ол.

Мәжіліс төрағасы қаржы секторының нақты өндірісті ығыстырып келе жатқанын көптеген шетелдік сарапшылар атап көрсеткенін айтты. Қазақстанда, керісінше, барлығына лайықты еңбек жағдайын жасап, кәсіби өсудің тең мүмкіндігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

Қазақстан халықаралық деңгейде Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын Алматы қаласында құру бастамасын ұсынған болатын. Мәжіліс спикері шетелдік әріптестеріне тиісті қарарды бірауыздан мақұлдағаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Екінші күні қатысушыларға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев құттықтау сөзін арнады. Ол әлемде демократияны алға ілгерілеткені үшін Парламентаралық Одаққа ризашылығын білдірді.

Өзбекстан басшысы Орталық Азия елдері парламенттерінің спикерлерін қабылдап, өңірдегі парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі басым бағыттарды талқылады.

ПАО аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізді.
Ол Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоиловпен парламентаралық ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады.

Мәжілістің баспасөз қызметі. Сурет: Т.Таныбаев

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro