15 шілде 2021 | 13:05

Тоқаевтың сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

TENGRINEWS/Фото Тұрар Қазанғапов TENGRINEWS/Фото Тұрар Қазанғапов

Арман Қайырденов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГазға" сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Арман Қайырденов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГазға" сілтеме жасап. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шухрат Данбай қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Арман Қайырденов 1971 жылы Атырауда туған. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген, инженер-химик-технолог біліктілігі бар. 2003 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында Технологиялық қондырғы операторы болып бастады. Зауытта әртүрлі лауазымда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A компаниясының бас директорының орынбасары, бас директоры лауазымдарын атқарды, 2012-2013 жылдары "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети