25 қаңтар 2022 16:40

Тоқаевтың сынынан кейін ҚДБ басшысы қызметінен кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалғыз акционердің ("Бәйтерек" ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Президент Тоқаев Қазақстанның Даму банкі элитаның жеке банкіне айналғанын айтқан болатын.

Реклама
Реклама

"Біз бәрінің аты-жөнімен білеміз, олар жоғарыдағылардың кеңсесіне еркін кіру секілді артықшылыққа ие".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram