11 қаңтар 2022 12:09

Қазақстан даму банкі таңдаулылардың жекеменшік банкіне айналған - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның даму банкі таңдаулы адамдар тобының жеке банкіне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның даму банкі таңдаулы адамдар тобының жеке банкіне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі туралы көптеген әділетті сұрақтар туындайды. Қазіргі жүйе "бәрі достарымызға, қалғанына заң бойынша" қағидатымен ірі құрылымдарға қызмет көрсетуге бағытталған.

Іс жүзінде бұл жүйе экономикадағы олигополияны одан әрі күшейтеді. Ірі кәсіпорындар бәсекелестікті тұншықтырып, реформаны тоқтататын ерекше артықшылықтарға ие.

Мысалы, ҚДБ қаржылық, өндірістік және құрылыс топтарын ұсынатын жеке тұлғалардың таңдаулы тобына арналған жеке банкке айналды. Біз барлығын тегімен танимыз. Жоғары кеңселерге қолжеткізуді пайдалана отырып, олар өз жобаларын жүзеге асыру үшін жеңілдіктер алады. Мемлекеттің ресурстары шағын және орта кәсіпкерлікке пайдалануға болатын осы жобаларға бағытталған", - деді Мемлекет басшысы Мәжілісте.

Тоқаев Үкіметке ҚДБ қызметін қайта құрылымдауды тапсырды.

"Мемлекеттік қолдау шаралары түсініксіз және тиімсіз болып қалып отыр, бұл тәсілдер қайта қаралуы керек. Бұл ашық және түсінікті тетіктер болуы керек, өңірлердегі ШОБ-ты дамытуға ерекше назар аудару керек", - деп қосты ол.

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысына Президент қатысып жатыр. Тоқаев отырысқа видеобайланыс арқылы қатысып отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети