12 желтоқсан 2021 | 11:00

Тоқаевтың тапсырмасы, "кредиттік рақымшылық" және әкім орынбасарының ұсталуы. Апта қорытындысы

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы, Алматыдағы "кретиттік рақымшылық", Бақытгүл Хаменеваның ұсталуы және осы аптадағы басқа да маңызды жаңалықтар - Tengrinews.kz шолуында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы, Алматыдағы "кретиттік рақымшылық", Бақытгүл Хаменеваның ұсталуы және осы аптадағы басқа да маңызды жаңалықтар - Tengrinews.kz шолуында.

Жеткілікті шек және Президент тапсырмасы

1 қаңтардан бастап жеткілікті шек деңгейі өсетіні туралы жаңалық үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстандықтар БЖЗҚ шешіміне қарсы онлайн-петиция жариялады. Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары бұл мәселе бойынша сын айтты

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін алу ережесін өзгерту мәселесіне нүкте қойды. Президент азаматтардың өтініштерін назарға алып, шекті меженің көтерілуін кейінге қалдыруды тапсырды. Азаматтар 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін бұрынғы мөлшерлеме бойынша зейнетақы жинақтарын ала алады. Осыдан кейін жаңа өзгерістер күшіне енеді.

Еске салайық, өзгерістер елдегі ең төменгі жалақы мен зейнетақының өсуіне байланысты және барлық жастағы азаматтарға әсер етеді. Мысалы, қазақстандықтар үшін 20 жаста жеткіліктілік шек 1 710 000 теңгеден 3 140 000 теңгеге дейін артады, ал 50 жастағыларға 4 470 000 теңгеден 7 430 000 теңгеге дейін.

Халық санағы нәтижесі

Осы аптада премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық санақтың алғашқы нәтижелері туралы есеп берді. Еске салайық, санақ 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтті.

Санақ қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны - 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы - ерлер, 51,29 - пайызы әйелдер. Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы, халықтың 33,97 пайызы - 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы - 14-28 жас аралығындағы жастар. Санақ нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

Google: Қазақстандықтар 2021 жылы не іздеді?

2021 жылы Қазақстан халқы білім саласына көбірек қызығушылық танытқан. Рейтингтің бірінші қатарында "Онлайн мектеп", "Дайын үй жұмысы", "Білім ланд", "Күнделік kz кіру" және "Нұр сабақ" орналасқан.

Танымдық ақпараттан бөлек, отандастар ұлттық санақ, Еуро-2020 чемпионаты, "Игра в кальмара", "Атака титанов" және "Истинная красота" сериалдары туралы мәліметтерді іздеген.

Алматыдағы дүрбелең

Осы аптада Алматыда екі күн бойы адамдар Қаржы нарығын реттеу агенттігі ғимаратының алдына жиналды. "Несиелік амнистия" басталғаны туралы жалған ақпарат WhatsApp желісінде тарады. Ақпаратқа сәйкес, ол үшін Ұлттық банк филиалына барып, тиісті өтініш пен құжаттарды тапсыруы керек екен.

Агенттік "несиелік амнистия" болмағанын және болмайтынын айтты. Несиесін төлей алмағандардың жағдайын банктер шешеді. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр.

Облыс әкімі орынбасарының ұсталуы

Атырау облысы әкімінің орынбасары, 40 жастағы Бақытгүл Хаменоваға қатысты тергеу басталды. Ол пара алды деген күдікке ілінді.

"Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет басқармасының басшысы кәсіпкерден 145 миллион теңге көлемінде Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша Мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - делінген Антикор хабарламасында.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеруді жоспарлап отыр (Integrity Check). Жүйе жосықсыз қызметкерлерді дер кезінде анықтауға және жұмыстан шығаруға мүмкіндік беруі керек.

"Неге оның қылмыс жасап, мемлекетке зиян келтіргенін күту керек? Тәртіптік шараларды қолданып, оны басталмай жатып тоқтатуға болады", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Ревакциналау әдісі өзгерді

Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықты ревакциналау әдісі қайта қаралды.

"8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алғандар, сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 6 айдан кейін ревакциналаудан өтеді", - деді Цой осы аптадағы Үкімет отырысында.

Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация әдісі неге қайта қаралғанын түсіндірді.

"Ғалымдарымыз халықаралық тәжірибені зерттеді, жалпы әлемде 6 айдан кейін қайта вакциналауды ұсынып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз 9 айдан 6 айға көштік, яғни қысқарттық, өйткені ағзаны коронавирустың жаңа штамдарынан қорғау үшін иммунитетті ынталандыру қажет", - деді Цой Үкімет отырысында.

Еуропа, АҚШ және Pfizer

Осы аптада ревакцинацияда Pfizer препаратын алған қазақстандық екпе алды деп есептелмейтіні белгілі болды. Сондықтан ол Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріне еркін кіре алмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная