09 желтоқсан 2021 09:55

Цой Қазақстанда ревакциналау әдісі неге өзгергенін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация әдісі неге қайта қаралғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация әдісі неге қайта қаралғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғалымдарымыз халықаралық тәжірибені зерттеді, жалпы әлемде 6 айдан кейін қайта вакциналауды ұсынып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз 9 айдан 6 айға көштік, яғни қысқарттық, өйткені ағзаны коронавирустың жаңа штамдарынан қорғау үшін иммунитетті ынталандыру қажет", - деді Цой Үкімет отырысында.

Ол 8 желтоқсаннан бастап кез келген адам емханаға барып, қайта екпе алуына болатынын айтты.

"Екпе алғандар, екінші дозаны алған соң 6 айдан кейін келіп, вакцинаны ала алады", - деп түйіндеді Цой.

Бұған дейін Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети