Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматы әкімі орынбасарларын азайта ма?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматы әкімі орынбасарларын азайта ма? Фото:gov.kz

Алматы әкімдігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ерболат Досаевтың орынбасарлары азая ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ерболат Досаевтың орынбасарлары азая ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір Алматы қаласы әкімінің бес орынбасары бар. Бұл санды ел үкіметі өткен жылдың 9 желтоқсанында бекіткен болатын.

"Әкімдіктердегі мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту мәселесі Үкіметтің құзырында. Тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін Алматы әкімдігі құрылым мен Алматы қаласы әкімдігінің орынбасарлары арасындағы қадағалауды қайта қарайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы әкім орынбасарларының санын қысқартуды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети