Тоқаевтың тапсырмасынан кейін "Болашақ" бағдарламасында не өзгереді? БҒМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін "Болашақ" бағдарламасында не өзгереді? БҒМ жауабы Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін "Болашақ" бағдарламасы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін "Болашақ" бағдарламасы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы, сондай-ақ 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламентте айтқан тапсырмасы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде "индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын" инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралған.

"Инженерлік-техникалық мамандықтар тартымдылығын арттыру, ел экономикасына қажет мамандарды даярлау мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған ЖОО тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттерін қосу бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Ресейдің техникалық университеттерін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға ұсынылған жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енгізу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламаны дамыту стратегиясын қайта қарау жоспарланған", - деді министрлік өкілдері.

БҒМ 2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 шәкіртақы бөлінгенін айтты. Оның ішінде 555 шәкіртақы магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша. "Ғалымдар" тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша тағы 500 шәкіртақы бөлінген.

"Бүгінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның 2021-2025 жылдарға арналған жоғары білімді кадрларға еңбек нарығы қажеттілігінің орта мерзімді болжамын және 2021-2024 жылдарға арналған жаңартылған мемлекеттік білім беру тапсырысын ескере отырып, барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, сондай-ақ салалық ұйымдардың өтінімдері негізінде 2022 жылға арналған басым мамандықтар тізбесінің жобасы әзірленді", - деді ведомство өкілдері.

21 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасы қайта бағытталатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети