11 мамыр 2022 | 10:29

Тоқаевтың Түркияға сапары, АҚШ ленд-лизі. Демалыс күндері Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді. Азық-түлік бағасы ең көп жоғарылаған өңір аталды. Байден Украина үшін ленд-лиз туралы заңға қол қойды.  Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді. Азық-түлік бағасы ең көп жоғарылаған өңір аталды. Байден Украина үшін ленд-лиз туралы заңға қол қойды.  Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Қазақстан мен Мальдив визасыз режим туралы келісімге қол қойды 

Мале, 2022 жылғы 9 мамыр - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, бұл екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдивтер аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік береді. Дегенмен, Сыртқы істер министрлігі жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдірген адамдар тиісті визаны ресімдеуі қажет екенін хабарлады.  

Реклама
Реклама

Фото: СІМ

Аймағамбетов мектеп түлектеріне қатысты ережелерге өзгеріс енгізді 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те жазды. Бұйрықта "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілген. Аймағамбетов талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданғанын еске салды.

Азық-түлік бағасы ең көп жоғарылаған өңір аталды 

Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі өткен аптада Қарағанды облысында 0,4 пайыз, тағы 11 өңірде - Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында 0,3 пайыз тіркелді. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, "айналым схемасы" құралының мониторингі бекітілген қаржыландыру жоспарының толық қамтылмағанын көрсетеді

Фото: Үкімет

Қазақстанның қай өңірлерінде қуаңшылық болатыны айтылды 

Қазгидромет синоптиктері мамырда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қуаңшылық болатынын ескертті. Қазақстанның басым бөлігінде, болжам бойынша, "ылғалдану жағдайы" нормаға жақын. Еске салайық, 2021 жылы Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылық салдарынан жылқылар мен басқа да жануарлар жаппай қырылған болатын. Осыдан кейін билік шаруаларға көмектесу және жем сатып алу үшін қосымша қаражат бөлген еді.

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті 

Ақорда хабарынша, президенттер бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, бауырлас екі мемлекеттің халқына құт-береке тілеген. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Бұдан бөлек, көшбасшылар аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде осы жазда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуін қарастырғаны айтылады.

Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді 

Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды. Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Ердоған Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын қабыл алды 

Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді. Ердоған күзде Қазақстанға келуге уәде берді. Келіссөздерге дейін Президент сарайында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу болды. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды. Режеп Тайип Ердоған Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар, Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді.

Фото: Ақорда 

Тоқаев пен Ердоған қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды 

Қазақстан мен Түркия делегациясы кеңейтілген отырысынан кейінгі ресми қол қойған құжаттар:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік архивтер басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама.
- Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасы Президентінің аппараты жанындағы коммуникация басқармасы арасындағы БАҚ саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы туралы келісімге Техникалық тапсырма.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасу ісін ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Түркия Республикасы Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы бас басқармасы арасындағы орман шаруашылығы саласы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Түркия Республикасы Индустрия және технология министрлігі арасындағы ақпараттық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласы бойынша ынтымақтастық туралы хаттама.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар салалары бойынша ынтымақтастық туралы хаттама.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы кинематография саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасы Жастар және спорт министрлігі арасындағы жастар саясаты саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Түркия Республикасы Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы. 

Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды 

Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчук 10 мамырда 89 жасында қайтыс болды. Саясаткер ұзақ аурудан кейін Киев уақыты бойынша сағат 17:00-де қайтыс болған. 2021 жылғы маусымда Кравчукке ота жасалып, Украинаның бұрынғы президентінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Ол өздігінен дем ала алмай, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қыркүйекте Кравчук Германияға оңалтуға жіберілген.

Байден Украина үшін ленд-лиз туралы заңға қол қойды 

9 мамырда АҚШ президенті Джо Байден Украина үшін ленд-лиз туралы заңға (Ukraine Democracy Defence Lend-Lease Act of 2022) қол қойды, ол Украинаға және қажет болған жағдайда 2022-2023 жылдары Шығыс Еуропа елдеріне қару-жарақ жеткізу процесін жеңілдетеді. Құжат мәтінінде бұл елдердің қорғаныс қабілетін нығайтуға және олардың бейбіт тұрғындарын шабуылдан немесе Ресейдің жалғасып жатқан агрессиясынан қорғауға көмектесу үшін жасалғаны айтылған. Заң АҚШ президентіне қосымша өкілеттік береді. Енді Украинаға қорғаныс техникасын жеткізу және жалға беру туралы шешім АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сай келсе, ұзақ бюрократиялық кезеңдерсіз қабылданады. Сонымен қатар, Украина америкалық жабдықтар мен қару-жарақтарды алу үшін алдын ала төлем жасамайды, төлемді кейінге қалдыруға болады.

Фото: Reuters 

Украина мен Ұлыбритания үшін жаңа еуропалық ұйым ашылуы мүмкін

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропалық Одақ құндылықтарын құрметтейтін, бірақ оның құрамына кірмейтін елдер үшін еуропалық мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа форматын құруды ұсынды. Атап айтқанда, Франция басшысы Украинаны ЕО-ға қабылдау процесі бірнеше жылға, тіпті ондаған жылға созылуы мүмкін екенін айтты. Ол Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу Ресейді қорлауымен қатар жүрмеуі керек екенін атап өтті. Макронның ұсынысы бойынша, ЕО мүшелігін жақтаушылар да, одан шығып кеткен мемлекеттер де, мысалы, Ұлыбритания "еуропалық саяси қоғамдастықтың" бөлігі бола алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная