11 мамыр 2022 08:36

Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчук 10 мамырда 89 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Украинские новости".


Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчук 10 мамырда 89 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Украинские новости".

Саясаткер ұзақ аурудан кейін Киев уақыты бойынша сағат 17:00-де қайтыс болған.

Кравчук 1991 жылдың 5 желтоқсанынан 1994 жылдың 19 шілдесіне дейін Украина президенті болған. Сондай-ақ, ол 2020 жылдың 28 шілдесі мен 2022 жылдың 21 ақпаны аралығында Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі байланыс тобының төрағасы қызметін атқарды.

Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Кравчук 12 жыл бойы Жоғарғы Раданың депутаты болған. 2015 жылдан бері "НАТО-дағы Украина үшін қозғалыс" қоғамдық ұйымын басқарған.

2021 жылғы маусымда Кравчукке ота жасалып, Украинаның бұрынғы президентінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Ол өздігінен дем ала алмай, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қыркүйекте Кравчук Германияға оңалтуға жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети