30 желтоқсан 2021 | 15:08

"Тоқта, Аяз ата, тоқта!": Министр ШҚО-да Аяз атаның артынан жүгірген баланы құттықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Аяз атаның артынан жүгірген мектеп оқушысын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Аяз атаның артынан жүгірген мектеп оқушысын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде таралған видео кейіпкері Алтай қаласы №6 орта мектептің 3-сынып оқушысы Головень Дмитрий екені белгілі болды.

Асхат Аймағамбетов Дмитрийге хат жолдап, онда оқушының жыл бойы 4 пен 5 алғанын, үлгілі оқығанын жазды.

"Министр оқушының әрдайым осындай батыл болып, ата-анасы мен мұғалімдерін қуантып, алға қойған мақсаттарына жетуін тіледі. Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлап, алдағы демалыста мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді. Сондай-ақ, бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды", - делінген ШҚО Білім басқармасының хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ŞQO BILIM BASQARMASY (@upr_obrazovaniya_vko)

Бұған дейін әлеуметтік желіде Аяз атаның артынан жүгірген баланың видеосы тарағаны хабарланды. Әлеуметтік желіде пікір білдіргендер баланың Аяз атаға маңызды хабарламасы болуы мүмкін екенін айтқан еді.

"Баланы тауып, сыйлық бергіміз келеді. Бұл 6-мектеп ауданы, Алтай қаласы", - деп жазды видео авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети