05 қыркүйек 2016 | 15:16

Тоқтар Төлешовке 16 қылмыс жасады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Тоқтар Төлешовке 16 қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Тоқтар Төлешовке 16 қылмыс жасады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлына сілтеме жасап. 

Төлешовтің ісі сотқа "Құпия" деген деңгеймен түскен. Қылмыстық істің көлемі 300 томға жетіпті. "29 тамызда өндіріске Тоқтар Төлешовке және істің басқа фигуранттарына қатысты қылмыстық іс түсті", - деді ол. 

Сот алқасының төрағасының айтуынша, Төлешов бірқатар қылмыс бойынша айыпталып жатыр. 

Қазіргі уақытта осы істің аясында 25 тұлға қылмыстық іске тартылған, шамамен 300 адам куәгер ретінде тартылған. Тергеумен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы айналысқан, оның құрамына ІІД мен ҰҚК қызметкерлері бар. 

Тергеу барысында Төлешовтің ауыр және аса ауыр қылмыстары анықталып, дәлелденген. Ол трансұлттық қылмыс қауымдастығын қаржыландырды және тұрақты қарулы топқа басшылық етті деп айыпталып отыр. 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети