Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша 25 адам қудаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты кезінде хабарланды.
Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша 25 адам қудаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты кезінде хабарланды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлады.
Бұл іс бойынша қылмыстық іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады.
"Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр", - деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында ведомство өкілдері.
Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр.
Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.