Толассыз жауыннан кейін Ақтау көшелерін су басты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: lada.kz Фото: lada.kz

Ақтауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше көше мен ауданды су басты. Қала тұрғындары қолайсыз ауа райы салдарын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше көше мен ауданды су басты. Қала тұрғындары қолайсыз ауа райы салдарын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

28 шілдеге қараған түні қалада нөсер басталды.

Толассыз жауған жауыннан қаладағы базарлардың бірін су басқан. Жаңбырдың кесірінен "Сары" базардағы сауда павильондары бойында "су арнасы" пайда болған. Су тасқыны салдарын халық өз күшімен жойып жатыр.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығынан 5-шағынауданда ағаш құлап, электр қуаты үзілген. 14-ықшамаудан тұрғындары жарықсыз қалдық деп шағымданып жатыр.

Қала әкімдігі коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Олар түні бойы жаңбырдың салдарын жоюға күш салып жатыр.

Сурет: lada.kz

Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК өкілі берген мәлімет бойынша, Ақтауда бір тәулікте бір айлық жауын-шашын түскен.

"Маңғыстау облысының батыс жартысында 28 шілдеге қараған түні 1-13 миллиметр жаңбыр жауды, бір айдағы норма - 10-13 миллиметр. Ақтауда 13 миллиметр жауын жауды, норма 10 миллиметр", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro