06 қараша 2024 | 16:36

“Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейді“. Ұлттық банк ақпаратқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мессенджерлерде 9 және 10 Қарашада ISO халықаралық төлем хабарламаларының форматын енгізуге байланысты Қазақстанда барлық банк бойынша төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қазақстандықтарға осы екі күнге қолма-қол ақша ұстау ұсынылатыны айтылған. Ақпаратқа Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мессенджерлерде 9 және 10 Қарашада ISO халықаралық төлем хабарламаларының форматын енгізуге байланысты Қазақстанда барлық банк бойынша төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қазақстандықтарға осы екі күнге қолма-қол ақша ұстау ұсынылатыны айтылған. Ақпаратқа Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпарат бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 төлем хабарламаларының халықаралық форматын енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте төлем хабарламаларының халықаралық стандартын пайдалану банктердің өз клиенттеріне қаржылық қызметтер көрсету рәсімін өзгертпейтіні хабарланады.

"Бұл жұмыстар карточкалар бойынша төлемдерге әсер етпейді. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар бойынша есеп айырысуы, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс ақысы және басқа да қызметтер өзгеріссіз қалады", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Бұл ретте банктер өздерінің ақпараттық жүйелерін баптау қажеттілігіне байланысты техникалық жұмыстар жүргізеді. Оларды іске асыру үшін банкаралық қызмет көрсетумен байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқа мерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022 енгізу қарсаңында демалыс күндері).

"Қазіргі уақытта қаржы институттары өз клиенттеріне 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін болатын жаңа стандартқа көшу шеңберінде банктердің техникалық жұмыстарды жүргізу уақыты туралы алдын ала хабарлайды", - деп толықтырды Ұлттық банк.

Ұлттық банк ISO 20022 қаржы ұйымдары арасында электрон хабарлама алмасудың жалпы әлемдік стандарты бизнес-процестерді автоматтандыру үшін құрылғанын нақтылады. Осы стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 базасында іске асырылатын жаңа шешімдерге қолжеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларымен алмасудың бірыңғай үлгілерін қолдану есебінен барлық тараптардың шығындарын қысқартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети