11 шілде 2016 | 12:47

Төлешов 200 миллион доллар қарызданғаннан кейін төңкеріс жасауды ойлай бастаған - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Төлешов © tengrinews.kz Тоқтар Төлешов © tengrinews.kz

ҚР ҰҚК-де Төлешовтің бандасы кісі өлтіру мен ұрлау туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК-де Төлешовтің бандасы кісі өлтіру мен ұрлау туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу барысы көрсеткендей, Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бірнеше адамды өлтіргендігі, кісі ұрлау және адамдарды соққыға жыққандығы анықталған. Азаптаулар мен қинауларды Төлешовтің бұйрығымен фотоға және видеоға түсіріліп отырған. Бұл деректі мәліметтер тінту барысында анықталып, іс материалына жіберілген. Түсірілген адамдар анықталды және олар куәгер әрі жәбірленуші ретінде сотта куәлік беретін болады", - деді ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев.

Сонымен қатар, осы аталғандарға айғақ ретінде, қылмыстық топтың керек-жарағына Төлешовтің қомақты қаражат жұмсап отырғандығы анықталған. Өзінің қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған ол ҚР екінші дәрежелі банктерінің және "Братский круг" басшыларының алдында көп мөлшерде қарызға батқан. Сол жиналған қарыздың мөлшері 200 миллион долларға жеткен. Осы кезде Төлешовтің ойына елдегі билікті күшпен тартып алу жоспары пайда болған", - деп жалғады ҰҚК өкілі өз сөзін.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталған еді. Кейіннен Төлешовтің ісі бойынша 25 адам күдікке ілініп отырғаны белгілі болды. Бұл іс бойынша қылмыстық іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады. "Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр", - деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар, Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Ал 11 шілдеде ҰҚК өкілдері Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгенін хабарлады. Сонымен қатар, ҰҚК өкілдері Төлешовтің мемлекеттік төңкеріс жасауға қалай дайындалғанын айтып берген еді. Ал ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты кезінде Тоқтар Төлешов ісі бойынша ұсталғандардың аты-жөні аталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети