Төлешовтің отбасы үйсіз қалды: Тәркіленген зәулім үйдің суреттері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төлешовтің отбасы үйсіз қалды: Тәркіленген зәулім үйдің суреттері жарияланды

Сотталып кеткен кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің бірінші әйелі мен үлкен ұлы сот шешімі бойынша айырылған зәулім үйден көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқтар Төлешовтің бұрынғы әйелі мен үлкен ұлын заулім үйден көшірді. Алайда Шымкент әкімдігі бұған сегіз ай уақыт жұмсаған. Сот орындаушысы Нұрлан Серікұлының сөзінше, үйді тәркілеу туралы шешім биыл ақпанда шыққан болатын. 

"Борышкерлер үйді уақытында босатпағандықтан, Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық сотына арыз берілді. Сот шешімінен кейін тұрғындарға өз еркімен босатуы керек туралы ескерту берілді. Бүгін олар ерікті түрде үйді босатты", - дейді Нұрлан Серікұлы. 

Төлешовтің бұрынғы әйелі мен ұлы үйдің тек қабырғасын ғана қалдырған екен. Үйден барлық жиһаз, сантехника, жылыту жүйесі де бірге алып кеткен. Тіпті бөлме аралық есіктер мен аға сатының сүйеніштері мен шарбақтары да қалмаған. Үй алты деңгейлі болғанын атап өтейік. 

Бұл Тоқтар Төлешовке тиесілі соңғы үй болатын. Өзге үйлердің барлығы тәркіленіп, қала әкімдігінің білім беру бөліміне берілген. Белгілі отбасына тиесілі болған үйлерде енді көркемсурет және өнер мектептері ашылады. Бизнесменнің өзі бір жыл бұрын 20 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети