ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев Бас прокуратурадағы баспасөз мәслихатында Төлешовтің ісі бойынша ұсталған сыбайластар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев Бас прокуратурадағы баспасөз мәслихатында Төлешовтің ісі бойынша ұсталған сыбайластар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Наразылық акциялары бұдан ерте болуы керек еді, бұл мәлімет расталды. Алайда Төлешовтің ұсталуына байланысты мерзім кейін өздігінен жылжыды. Наразылық акцияларын ұйымдастырғандар ұсталды. Тергеу органдары құпия түрде жүзеге асырылған наразылық акцияларын қаржыландыру бойынша анықтау жұмыстарын Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүргізіп жатыр. Төлешов болса тергеу изоляторында болып-ақ елде қалыптасқан жағдайды қолданғысы келген және 2016 жылдың мамырында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғысы келді. Төлешов өз жоспарын жүзеге асыру үшін бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаларды, құқық қорғау органдарындағы бұрынғы лауазымды тұлғаларды, сонымен қатар елдің Қарулы күштерінің кейбір қолбасшылығындағы адамдарды жақтастарын іздестірген", - деп мәлімдеді спикер.
Оның айтуынша, ҰҚК органдары схрондар мен құпия орындардан қару-жарақ, оқдәрі және жарылғыш заттарды тәркіледі бұл заттарды Төлешов мырза өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруда қолданғысы келген.
"Өткен сенбі-жексенбі күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Төлешовтің бірқатар сыбайласын ұстады. Олардың ішінде Қазақстанның Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі, екінші класстағы мемлекеттік әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев, ОҚО ІІД бұрынғы басшысы, ОҚО ІІД басшысының бұрынғы орынбасары, генерал-майор Хабратолла Досқалиев, ОҚО ІІД басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 35 848 және 55 652 әскери бөлімдерінің командирлері Бекзат Жумин мен Қайрат Пернебаев. Бұл тұлғалар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр", - деді ол.