11 шілде 2016 11:50

Төлешовтің сыбайластары мемлекеттік төңкерістен кейін ІІМ және Жоғарғы сот басшылығына келуді жоспарлаған - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК өкілдері Төлешовтің мемлекеттік төңкеріс жасауға қалай дайындалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҰҚК өкілдері Төлешовтің мемлекеттік төңкеріс жасауға қалай дайындалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты кезінде Тоқтар Төлешов ісі бойынша ұсталғандардың аты-жөні аталды. Олар: бас прокурордың бұрынғы бірінші орынбасары Ільяс Бақтыбаев және ОҚО ІІД экс-жетекшісі Хибратулла Досқалиев. Олардың кәсіпкердің елдегі жағдайды дестабилизациялауға дайындалу туралы жоспарын жер-жерлерде жаппай тәртіпсіздіктер, наразылық акциялар, шиеленіс ошақтарын туғызу арқылы қолдаған делінеді. 

"Мемлекеттік төңкеріс жасалғаннан кейін олар жоғарғы соттың төрағасы және ішкі істер министрі қызметтерін алуды жоспарлаған. Әскери бөлімдердің командирлері Жумин мен Пернебаев заңсыз ақшалай сыйақы үшін Төлешовке әскери ұшақ, әскери техника және штат қаруы бар әскерилерді жеке әскери-спорттық шараға қатыстыруға берген, бұл шара 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында өткен", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілдері.

Еске салайық, ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасаев маусым айында "тергеудің мәліметтері бойынша, Төлешов мырзаның бұған дейін дайындық жұмыстарын жүргізгенін, ал өткен жылдан бері билікті зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарымен айналысқанын хабарлаған болатын. Оның әрекеттерінің жоспары, ҰҚК өкілдерінің мәліметінше, елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети