13 мамыр 2022 | 11:21

Төлеу керек пе, жоқ па? Алматы әкімдігі автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі "Алматы паркингіне" тиесілі қалалық автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі "Алматы паркингіне" тиесілі қалалық автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімшілігі мәліметінше, қазір мемлекеттік кәсіпорын - мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру, олардың санын ұлғайту мәселелері және баға саясаты мемлекеттік кәсіпорын - мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторын құру барысында пысықталады. Қазіргі уақытта қала меншігіне алу рәсімі жалғасып жатыр", - деді Алматы әкімі баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, "Алматы паркинг" компаниясы (Аparking, AlanParking) қалалық автотұрақтарды мемлекеттік бірыңғай оператор алғанға дейін қадағалайды. Әкімдік мәліметі бойынша, биыл 1 тамызға дейін жаңа бірыңғай оператор құрылады. Барлық автотұрақта әлі де тұрақ ақысы алынады, деп қосты қала әкімдігі өкілдері.

Бұған дейін "Алматы паркинг" компаниясы Instagram-парақшасында 7 мамырдан бастап барахолкадағы бірқатар базар мен "Нұрлы тау" бизнес орталығындағы тұрақ үшін төлем алынбайтынын хабарлаған болатын. Алайда кейінірек бұл жазба алып тасталды. Оның орнына мына ақпарат пайда болды:

"Солтүстік айналма жолдағы базарлар маңындағы автотұрақтар әдеттегідей жұмысын жалғастырады:

• "Нұрлы Тау" бизнес орталығы
• "Барыс" сауда орталығы
• "Олжа" сауда орталығы
• "Адем" сауда орталығы
• "Арлан"/"Қазына" сауда орталығы
• "Ялян" сауда орталығы
• "Алатау-1" сауда орталығы
• "Алатау-2" сауда орталығы
• "Болашақ" сауда орталығы
• "Ақ-Бұлақ" сауда орталығы

Көрсетілген тұрақтарда тұрақ ақысы қолданыстағы тариф бойынша алынады", - делінген "Алматы паркинг" компаниясының 7 мамырдағы соңғы есебінде.

Еске салайық, Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Алматыда ақылы автотұрақтар әкімдік меншігіне қайтарылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети