– Сайлауға санаулы күндер қалды. "Ауыл" партиясының дайындығы қалай?
– Сайлауға санаулы күндер қалды. "Ауыл" партиясының дайындығы қалай?
– Дайындығымыз жақсы. Бағдарламамыз нақты, бұқараның елегінен өтіп, халық көңілінен шықты. Біз осы сайлауға төрт жыл бойы дайындалдық. 2016 жылдан бастап мыңнан астам түрлі шаралар өткіздік. Тәжірибе де, нәтиже де бар. Құрамымызға жаңадан 52 мың адам қабылдап, партия мүшелерінің санын 300 мыңнан асырдық. Алдағы сайлауға кандидат ретінде мәжіліске 19, мәслихат депутаттығына 600-ден астам, жалпы, 625 үміткер ұсынып отырмыз.
– Партияның көтеретін негізгі тақырыбы не?
Бірінші меже – азық түлік қауіпсіздігі.
Қазақстан аграрлы ел. 180 миллион гектар жайылымды, 3 миллион гектар суармалы жерлерді, 30 миллион гектардан аса егістікті іске қоссақ Аграрлы сала тіпті мұнайдың орнын басады.
Пандемия салдарынан мұнайға сұраныс азайды, онымен бірге ел қазынасы да орталады. Өзімізде болса да азық-түлікті импорттаймыз! Ол жалғаса берсе доллар шарықтап, теңге құлдырайды. Ауыл шаруашылығы саласын экономикамыздың негізі болсын десек, "Азық түлік қауіпсіздігі туралы" арнайы заң қабылдауымыз керек. Шаруаларға берілетін несиелер кепілсіз болып, оның сыйақы мөлшері 2-4 пайыздан аспауы тиіс. Субсидия ретінде берілетін көмектің тек ірі кәсіпорындарға емес, тіпті қолына кетпен ұстаған әр адамға жетуін қадағалаймыз!
Екінші бағыт – ауыл тұрмысын түзеу!
Ел ырзығының негізі ауылда! Жетістігіміз ауылдың арқасы. Ауыл бізге барын беріп келеді. Қазақстан демографиясы да сол ауылдықтардың есебімен өсуде. Бірақ мемлекет оларға не берді? 6 мыңнан астам ауылымыздың тең жартысы тиімсіз деп жабылып жатыр. Сапалы ауыз су, газ, жарық, интернет әлі де жоқтың қасы. Сосын елдің бәрі қалаға көшуде.
Ауылдарда медицина саласы құлдыраған, мектептер жабылуда. Оларды қалпына келтіру үшін қажет қаражатты тиімсіз бюджеттік бағдарламаларды қысқарту арқылы табамыз.Мәжілісте, маслихаттарда жұмыс істесек, бюджеттік бағдарламалардың барлығын қайта қарастырамыз. Салықтан түсетін қаражаттың көп бөлігін ауылдың тұрмысын түзеуге бұруға болады.
Үшінші – әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету.
"Бір қозы туса, жусан басы шығады» дейтін елміз. Бірақ ісіміз сөзімізбен жараспайды. Біле білсеңіз, Қазақстан байлығы әр балаға өз нәсібі ретінде ақы төлеуге жеткілікті. Сондықтан "Ауыл" партиясы "Бала нәсібін" енгізбекші. Онда бала санына қарамай, әр балаға 18 жасқа дейін төленеді. Сондай-ақ көп балалы аналардың зейнетке 53-тен бастап шығуын қарастырамыз.
Ұлттық идеология негізінде жаңа қоғам қалыптастырып, қандастарды қолдау да ойымызда бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!