“Толық түсінеді“ - Жұманғарин жаңа салықтар мен бизнеске түсетін жүкетеме туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Толық түсінеді“ - Жұманғарин жаңа салықтар мен бизнеске түсетін жүкетеме туралы Фото:gov.kz

Қазақстан Үкіметі жаңа салық-бюджет реформасы шағын және орта бизнеске қосымша жүктеме түсіретінін түсінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі жаңа салық-бюджет реформасы шағын және орта бизнеске қосымша жүктеме түсіретінін түсінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа фискалдық саясат аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға және кәсіпкерлікті қолдауға негізделген.

"Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар – бұл ең алдымен өңірлік стандарттар жүйесі арқылы өңірлік теңсіздікті төмендету, сондай-ақ кәсіпкерліктің, әсіресе микро және шағын бизнестің дамуындағы сәйкессіздікті азайту", – деді ол.

2026 жылдан бастап жаңа фискалдық саясат бюджеттің кіріс бөлігінің едәуір ұлғаюын көздейді.

"2026 жылдан бастап фискалдық саясат ең алдымен бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуды көздейді, қосымша шамамен 4 триллион теңге", – деп хабарлады Жұманғарин.

Оның айтуынша, бұл қаражат экономиканы және бизнесті қолдауға бағытталады.

"Ең алдымен қосымша қаржы ресурстары Президент пен Үкімет тарапынан қазақстандық бизнесті дамыту мен қолдауға жұмсалады", – деді министр.

Жұманғарин салық базасын кеңейтуді жаңа саясаттың негізгі қағидаттарының бірі деп атады. Вице-премьердің сөзінше, Үкімет реформалар мен сыртқы жағдайлардың кәсіпкерлер үшін қосымша тәуекелдер тудыратынын түсінеді.

"Үкімет сыртқы факторлар – логистика, күрделі халықаралық жағдай, валюта бағамдарының құбылуы, сондай-ақ ішкі факторлар – салық және тарифтік реформалар ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке жүктеме болып отырғанын толық түсінеді", – деді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети