ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2022 | 03:28
Тоналған дүкендер, қираған ғимараттар. Алматыда қазір не болып жатыр?
Алматыда наразылық шерулері жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Тонаушылар салдарынан қала көшелері адам танымастай өзгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда наразылық шерулері жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Тонаушылар салдарынан қала көшелері адам танымастай өзгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүлікшілер Алматы әкімдігіне шабуыл жасаған. Бірнеше сағат өткен соң қала әкімдігінің барлық қабаты дерлік отқа оранды.
Шерушілер бұл шабуылдан кейін тоқтап қалған жоқ. Олар кейін Алматы әуежайын басып алды, артынша ол босатылды. Алайда, түсірілген видеоларға қарағанда, әуежайға қатты зақым келген.
Келесі кадрларға қарасақ, бүлікшілер банкоматтар мен азық-түлік автоматтарын ашып, тонаған.
Әлеуметтік желіде Алматыда бос тұрған ЦУМ бутиктерінің видеосы тарап жатыр.
Тағы бір видеода ер адам үлкен теледидарды көлікке салып алып бара жатыр.
Сондай-ақ, наразылық білдірушілер "Қазақстан", "Мир", "НТК" телеарналарының ғимараттарын өртеп жіберді деген ақпарат тарады.
"Тонаушылар Qazaqstan ҰТК Алматы филиалының ғимаратын тонап, студиясын өртеп жіберді. Сағат 21.00-ден бері өртті өзіміз сөндіріп жатырмыз, бірақ күшіміз жетер емес. Өрт шатырға жетті, өрт сөндірушілер келуден бас тартты. Осындай жағдайға тап болдық. Көмектесіңдерші", - деп жазды телеарна журналистерінің бірі.
Ал №4 қалалық клиникалық аурухана штаттық режимде жұмыс істеп, шұғыл медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бас дәрігер Сағи Бейсенбеков бастаған емхана әкімшілігі мен ұжымы оқиға орындарында жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, БАҚ-та ҰҚК басқармасын басып алғандар туралы хабарланды.
Алматыдағы комендатураның ақпарат орталығы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтын лаңкестер басып алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Бұған дейін Алматыда Magnum-нің үш дүкені тоналғаны хабарланған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапқан болатын.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда лаңкестер әуежай мен 5 ұшақты басып алғанын айтқан. Сонымен қатар, Тоқаев ҰҚШҰ мемлекеттерінен көмек сұраған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также