1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты 06 қаңтар 2022, 00:17

Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген сурет. © Tengrinews.kz Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген сурет. © Tengrinews.kz

Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, Ұлттық ұлан мен полицияның 317 қызметкері жарақат алған, 8-і қаза тапқан. 

"Қазіргі уақытта арандату мен тәртіпсіздікке қатысуды шиеленістірмеудің алдын алу үшін барлық шара қолданылып жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, тас лақтыру, арматурамен және битамен ұру, жанғыш сұйық затпен шабуылдау әрекеттері болғаны айтылады. Мемлекеттік басқару, сауда, тамақтану және банк қызметін көрсететін нысандар шабуылға ұшырағаны белгілі болды. Бүлінгендер қатарында денсаулық сақтау арнайы көліктері, өрт сөндіру машиналары және азаматтардың мүліктері бары айтылады.

Хабар соңында ведомстводағылар халықты арандатуға ермей, заңсыз әрекеттің арты жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram
АЗА ТҰТУ