Тоқаев 2020 жылғы президент сайлауы жайлы пікірін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев 2020 жылғы президент сайлауы жайлы пікірін түсіндірді

Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбейтіні туралы айтқан сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбейтіні туралы айтқан сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл сұхбаттағы назар басқа жаққа ауып кеткен сияқты. Онда көп нәрсе талқыланды да, сұрақтардың бірі сондай болды. Жауабымның мәні Елбасы дәрежесі заңмен бекітілген. Президент алдағы сайлауға қатыса ма, жоқ па, сыртқы және ішкі саясат бойынша соңғы сөзді сол кісі айтады. Бұл заңмен анықталған, ол Ұлт көшбасшысы болып қалады", - дейді Тоқаев. 

"Еліміздің өз Ұлт көшбасшысы бар. Оның халықаралық аренада беделі бар, еліміздің барлық халқы қолдайтынын айтпағанда. Бұл жерде сұхбатта айтылған дүниені драматизациялаудың қажеті жоқ. Hardtalk аясында сұхбат беру оңай емес. Бірақ мен шешуге бел будым, өйткені, ел ішінде демократияны, экономикалық әлеуетімізді дамытуға, Батыстың Қазақстанды түсінуіне еңбектеніп жатқанымызды айту керек деп есептедім. Бұл сұхбат ретінде пайдалы болды деген ойдамын", - дейді Сенат спикері. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы сайлауға қатысу, не қатыспауды Елбасының өзі шешетінін айтты. 

"Бірінші кезекте айтқаным, Елбасы шешімді өзі қабылдайды, ол данышпан адам, ұлы көшбасшы, бұл сұхбатта айтылды", - дейді ол. 

Мұның алдында Тоқаев Би-би-си арнасындағы Hardtalk бағдарламасының жүргізушісіне берген сұхбатында 2020 жылы болатын президент сайлауына қатыспайды деген болжам жасаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети