Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырды

Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырды © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына бөлінетін қаржының жұмсалуын жіті бақылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына бөлінетін қаржының жұмсалуын жіті бақылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқарту керегін айтты. 

"Бұл шара ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған. Демеушілердің қаржысына болсын көп концерт жасап, шетелден әртіс алып келудің қажеті жоқ. Менің ойымша, шараларды іскерлік форматта өткізу керек. Сіз әкімдердің арасындағы тәжірибелі мамансыз, сондықтан Абайдың 175 жылдығы аясында өтетін іс-шараларды дұрыс бақылауыңыз керек", - деді Тоқаев ШҚО әкіміне. 

Президент шаралар практикалық бағытта, идеологиялық жүктеме бойынша өтуі керегін айтты. 

"Осы секілді іс-шаралар осындай көзқараста өтуі керек", - деді Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети