Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады © akorda.kz

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Такехико Накаоға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Азия даму банкінің арасындағы әріптестіктің 25 жылдығымен құттықтады.

"Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылық білдіреміз. Банктің ел экономикасының өркендеуіне атсалысуы өте маңызды. Біз мұны жоғары бағалаймыз", - деді Президент.

Азия даму банкінің президенті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен таныс екенін жеткізіп, аталған стратегиялық құжаттың негізгі бөлімдеріне, әсіресе, оның әлеуметтік маңызына оң бағасын берді. Оның айтуынша, Жолдаудың мақсаты мен міндеті Азия даму банкінің даму басымдықтарымен үйлеседі.

"Сіз Жолдауыңызда адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға және мұғалімдердің жалақысын арттыруға зор көңіл бөлдіңіз. Бұл - адам капиталы дамуының маңызды бөлігі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрқашан қолдаймыз", - деді Такехико Накао.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети