Тоқаев Байбекке тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Байбекке тапсырма берді Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметпен, Мәжіліспен, мәслихаттармен өзара іс-қимылдарды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге назар аударды.

"Партияның міндеті - сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң бақылауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақтылы әрі тиімді жеткізу маңызды", - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде және жас мамандардан президенттің кадрлық резервін жасақтауда партияның жұмысын жандандыру үшін бірқатар тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети