Тоқаев елде өткен митингілердің себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев елде өткен митингілердің себебін айтты

Митинг кезінде қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеген адамдар жақын арада босатылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Митинг кезінде қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеген адамдар жақын арада босатылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шеруге шыққандарға келсек, олар наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазір олардың талабын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Көбінің талабы әлеуметтік сипатта. Мұндай мәселелердің барын жоққа шығармаймын. Негізінде мұндай жағдай адамдардың кедейленуіне байланысты болады. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді талап етеді", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары заңсыз акицялардың жолын кесуді жалғастырады. 

"Бас прокуратура көшедегі мұндай жиындардың заңсыз екенін талай айтқан. Заңсыз митингтер, тәртіпсіздіктер - бұған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі келтіреді", - деді Президент.

Мұның алдында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев митингіге қатысқан халықтың елдің тағдырына деген өз алаңдаушылығын білдіретінін айтқан еді

"Бүгін Бас прокуратура өкілдері, Ішкі істер министрлігі бұл мәселе жайында пікір білдірді. Мен бұл мәселенің басқа жағына тоқталар едім. Біз сайлаудың халықтың саяси белсенділігін айқындайтын күш екенін түсінуіміз қажет. Халық ел президентін таңдап, сонымен қатар елдің болашағын да таңдайды. Осыған байланысты олар сайлаудың нәтижесіне бей-жай қарай алмайды. Сондықтан сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін, халық іште сақтап отырған энергиясын сыртқа шығарғысы келеді. Содан кейін ол митингіге және түрлі наразылық білдіруге алып келеді", - деген еді Абаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети