Тоқаев елорданың сыртқы келбетін сынға алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев елорданың сыртқы келбетін сынға алады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "кеш болмай тұрып" Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "кеш болмай тұрып" Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қалада біріңғай қалақұрылысы саясаты жоқ. Бұл кейбір аудандарда бейберекет құрылыстардың жүргізілуіне әкеп соғады. Көшелер мен ғимараттардың біріңғай гармониялық стилі жоқ. Сіздер елорданы көруге арнайы келген туристердің пікірін оқыған боларсыздар. Жалпы пікірлер жақсы, бірақ олар қалада эклектика барын айтады. Бір ғимарат бір стильде, екіншісі мүлде басқа. Ең бастысы - жайлылық жоқ. Плиталар ұшып, асфальт жарылып жатыр, ағаштар аз, соның салдарынан қаланы күтіп бақпайтыны көрінеді. Иесі жоқ", - деді Тоқаев. 

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын ескертті. 

"Алыстан зәулім ғимарат әдемі көрінеді, жақындап келсең шаршағанын байқауға болады. Қожайын керек. Қожайын ретінде негізі аудан әкімдері болуы керек. Олар кеңсесінде отыра бермей жаяу жүріп, тұрғындарын білуі керек, ғимараттардың, адамдардың өмірін білуі керек", - деді Тоқаев.

Президент әкімдерге қажетті құжаттарға қол қою үшін кешкі алты-жетіде кабинетте отыруға болатынын айтты. 

"Қаланың қандайда бір шаруашылық иесі бары байқалмайды (...) Әрине, ауа-райында ескеру керек. Солтүстік Еуропада орналасқан қалалар да бар емес пе? (...) Сол себепті кеш болмай тұрып Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырамын. Бұл менің әкімдікке деген қатаң тапсырмам", - деді Президент. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети