Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жеделхатта Ю. Аманоның өмірден өтуі барлық халықаралық қоғамдастық және бүкіл әлемдегі көптеген адам үшін ауыр қаза екені атап өтілді.

Қазақстан Президенті МАГАТЭ басшысының ядролық қаруды таратпау және ядролық энергияны жаһандық деңгейде бейбіт мақсатқа пайдалану үшін атқарған рөлі зор екенін айтты.

"Біз Қазақстанның айнымас досы және жаһандық әлемдегі қауіпсіздіктің қорғаушысы Юкия Амано мырзаның жарқын бейнесін ешқашан ұмытпаймыз", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети