Тоқаев министрге "мегаполис" cөзін қолдана бермеуге кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев министрге "мегаполис" cөзін қолдана бермеуге кеңес берді

Сенат отырысының барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Алматы мен Шымкент қалаларын "мегаполис" деп атады. Алайда Парламент палатасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев оның бұл сөзіне ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мегаполис-мегаполис деп айтып жатырмыз. Бірақ, әлемдік деңгейге қарасақ, мегаполистегі халық саны 5 миллион адамнан асуы керек. Миллион тұрғыны бар қала мегаполис емес. Сондықтан сіздер, Ұлттық экономика министрлігіндегілер, журналистер қолданатын мегаполис сөзін көп қолдана бермеңіздер", - деді Тоқаев.

Сенат отырысында Шымкент пен Түркістан облысының жаңа статусына сәйкес жасалатын заң жобасына байланысты Алматы мен Шымкент қалаларының мәселесі қозғалған.

Сенатор Дүйсенғазы Мусин болашақта Қарағанды және Ақтөбе сияқты қалалардың осындай статус алуға мүмкіндіктері болуы үшін республикалық мәні бар қалаларға арнайы заң жобасын дайындауды ұсынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети