Тоқаев өз фотосының Ren TV-дан көрсетілуіне қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев өз фотосының Ren TV-дан көрсетілуіне қатысты ойын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев. ©REUTERS

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнадан өз фотосуретінің көрсетілгені жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнадан өз фотосуретінің көрсетілгені жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ren TV бағдарламасында менің фотосуретімнің орынсыз берілгені - журналистердің әдеттегі алаңғасарлығы, басқа теріс ниет көріп тұрған жоқпын", - деп жауап жазды ол Twitter-аккаунтында өзіне сұрақ қойған қолданушыға.

26-27 тамыз күндері ресейлік журналистер "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан қазақстандық бизнесмен туралы сюжетте ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретін қателесіп көрсеткен еді. Сюжетте күдіктінің Мәскеудің 55 жастағы тұрғыны екені айтылады. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті көрсетілді, ал кадр сыртындағы жүргізуші "Міне, мынау - астананың 55 жастағы тұрғыны Жомарт Қаменов" деді.

Сюжетте айтылған оқиғаның өзі 22 тамызда болған. Оқиға орнына шақырту бойынша келген дәрігерлер бригадасы Rolls-Royce автокөлігінің жолын бөгеген. Шетелдік көліктің иесі жанжал шығарып, "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан. Rolls-Royce қожайынына бірнеше ер адам көмекке келеді. Олардың әрекетінен жүргізушіге араша түскен фельдшер де соққы жеді. Журналистер "қазақстандық бизнесменнің үйіне милицияның жиі келетінін" айтты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретіне қатысты оқиғамен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі айналысып жатқанын хабарлады. Елшілік Ren-TV телеарнасына хат әзірлеп қойған. "Мәселенің мән-жайын түсіндіріп беруді, егер сондай қателік жіберілсе, оны жоққа шығаруды сұраған хат жазылды", - деді СІМ баспасөз хатшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети