Тоқаев қыркүйекте халыққа Жолдау жариялайды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қыркүйекте халыққа Жолдау жариялайды © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Қазақстанда зорлау үшін жазалау тақырыбы "Тальгода" болған оқиғадан кейін шыққан үкімнен кейін белсенді талқыланып жатыр. 26 шілдеде сот Қостанайда жолсерік Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязовты жолаушыны зорлағаны үшін кінәлі деп таныды. Олар екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарап ең ұзақ мерзімді, ал прокурор - алты жылдан астам колонияны сұрады. Десе де, сотталушылар кінәсін мойындамай, бұл екі жақты келісім бойынша жасалғанын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети