Тоқаев Қытайға не үшін барды?

Тоқаев Қытайға не үшін барды? Президент Баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.

Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети